Ақтөбеде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында №82 заманауи мектеп салынды. Қазір мұнда алғаш рет 1-сыныпқа қабылдау жүріп жатыр. Мектепалды даярлыққа арналған 7, бастауыш сыныптарға арналған 28 арнайы кабинет бар. Сондай-ақ STEM зертханасы, пәндік кабинеттер, психолог, логопед және әлеуметтік педагог қызмет көрсетеді. Білім ошағында 2 үлкен, 2 кіші спорт залы, 444 орындық асхана мен 440 орындық акт залы бар. 40 мың кітап қоры жинақталған кітапхана мен 50 орындық оқу залы жұмыс істейді.
ЖАНСАЯ ЖӘҢГІРХАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
— Келешек мектебі жаңа ғимарат емес бұл балаларымызға жайлы, қауіпсіз заманға сай білімге арналған үлкен мүмкіндік. Осы мектепке ұлымның құжаттарын тапсыруға келіп отырмын, осындай мектепте білім алатынына өте қуаныштымын. Балаларымыз алдағы уақытта күн сайын мектепке қуана баратынына сенімім мол. Өйткені бала үшін барлық жағдай жасалған. Енді біздің кезімізде осындай мектеп болған жоқ.
МЕРЕКЕ ҚАЛДЫБАЕВА, №82 ОРТА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ:
— Келешек мектебінің жобасы ұстаздар қауымы үшін де үлкен қолдау, мұғалімге арналған жайлы жұмыс кабинеттері, демалыс аймақтары, заманауи технологиялар біздің шығармашылығымызбен жұмыс істеуге кәсіби тұрғыда үнемі дамып отыруымызға септігін тигізіп отырады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.