Астанада белсенділер құрылыс компаниясының жауапсыздығына қарсы ерекше акция өткізді. Қараусыз қалған қалдықтарын олар велосипедпен компания кеңсесіне жеткізді. Бұл шара арқылы белсенділер экологиялық жауапкершілікті талап етті. 8,6 гектарға дейін созылған және спутниктен де көрінетін қоқыс алаңы ұзақ уақыт бойы құрылыс компаниясының тарапынан қараусыз қалған. Бірнеше ай бойы белсенділер рейд өткізіп, бейнежазбаға түсіріп, қоқысты осы аумаққа тасымалдаған КАМАЗ көліктерінің жүргізушілерімен сөйлесті. Жергілікті тұрғындармен әңгімелесіп, жағдайды тізіп отырған. Қоғамдық қысымнан кейін компания қоқыс алаңын дәл осы жылдың қазанында тазаланады деп уәде берді.
МИРАС ҚАНАФИЯ, ЭКОБЕЛСЕНДІ:
— Астана қаласында «Жаңа адамдар» қозғалысы Тұран мен Ұлы Дала көшелерінің қиылысындағы заңсыз қоқыс үйіндісіне қатысты шешімге қол жеткізді. Құрылыс компаниясына бірнеше рет шағым жасағанның өзінде азаматтар әрекетке қол жеткізбеді. Біз қоқысты жеткізілім форматында құрылыс компаниясының кеңсесіне жеткізіп, үндеу жолдадық.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.