Өскеменде қоғам белсенділері қоқыс полигонын тазалады

Өскеменде қоғам белсенділері бейберекет шашылған қоқыс полигонын тазалай бастады. Оларға экологтар мен табиғатты қорғау полициясының инспекторлары қосылды. Мобильді топтар қала маңын тексереді. Нәтижесінде, қала ішінде тұрмыстық қатты қалдықтарды төгуге рұқсат етілмеген орын табылды.
Өткен жылы облыс орталығында ғарыштық мониторинг жүйесінің көмегімен 200-ге жуық қоқыс алаңы жойылған. Жергілікті коммуналдық қызметтердің күшімен 15 мың текше метрге жуық қоқыс тазартылды. Бүгінде жергілікті эко-белсенділер полигонның пайда болу себептерімен де күресіп жатыр. Демалыс күндері сенбілікке үш мыңнан астам белсенді қала тұрғыны тартылды.
———————————————