Еңбек министрлігінің 1 сәуірдегі мәліметіне сүйенсек, елімізде 83 048 ардагер бар. Оның 111-і Ұлы Отан соғысына қатысқан, ал соғыс ардагеріне теңестірілген 16 496 адам және өзге елдегі ұрысқа қатысқан 26 553 жауынгердің көзі тірі. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысы жылдарында тер төккен 40 мыңға жуық тыл еңбеккері бар.
Айта кетейік, биыл Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, әр ардагерге бір реттік төлем ретінде 5 млн теңгеден беру жоспарланған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.