Дрондар жол ережесін бұзғандарды ұстайды | 16.04.2025

Жүргізуші: Ардақ Қасымхан — https://www.instagram.com/ardak_kassymkhan

ҮКІМ ШЫҚТЫ
Шымкентте адам шошырлық қылмыс: анасын өлтіріп, сүйегін өртеген күдіктіге үкім оқылды. Денсаулығына байланысты айыпталушы сот процесіне қатысқан жоқ.

ЖАНҚИЯР ЕРЛІК
Аммиак қоймасын құтқарып, өзі қаза тапты. Жетісуда балық зауытындағы жарылыстың алдын алған құтқарушы бүтін бір ауыл тұрғынын аман алып қалды.

ӨТЕМАҚЫ АЛАДЫ
Қызметтік міндетін орындап қаза тапқан полицейдің отбасына өтемақы. Бүгін мәжілісмендер осы мәселе бойынша заң жобасын қарап, қаржылық көмек көрсетілуі туралы шешім қабылдады.

АСПАНДАҒЫ БАҚЫЛАУ
Солтүстікте дрондар патрульге шықты. Ұшқышсыз құрылғы жол ережесін бұзғандарды қалада да, далада да қадағалайды.

ЖАҢА ЖОБА
«Жетінші арна» көзі нашар көретіндер үшін жаңа жобаны іске қосты. Олар бейнені көрмесе де, тифлосипаттама арқылы сериалдағы оқиғаларды толықтай түсініп, кейіпкерлердің әрекеттерін анық сезіне алады.
———————————————