Шерзат Полат ісі: оқиғаның мән-жайы түгел баяндалды

Кәмелетке толмаған Шерзат Полаттың өліміне қатысты кезекті сот отырысы өтті. Күдіктілер мен жәбірленуші тараптың сотты Алматы қаласында немесе Алматы облысында жалғастыру туралы өтініші қараусыз қалды. Бүгінгі процесс негізінен айыптау актісін оқумен өтті. Әр эпизодты бірнеше рет қайталап, оқиғаның мән-жайын түгел баяндады. Айта кетейік 62 томнан тұратын қылмыстық істе 9 сотталушыға «Адам өлтіру», «Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша, өзгелеріне «Бұзақылық» және «Қылмысты хабарламады» деген айып тағылып отыр.
МЕЙІРМАН ШЕКЕЕВ, АДВОКАТ:
— Қанша жәбірленуші қаншама өкілі бар, соншама рет өтініш хат бере аламыз. Бірақ сот өзінінің өкілетті шешімін айтты ғой. Сондықтан мен жазбаша түрде қаулы шығаруды сұрадым. Жазбаша түрде қаулы шығарса, біз шағым жасауға мүмкіндік алатын едік. Сот ол жағынан бізге ешқандай түсініктеме берген жоқ. Онлайнды да бас тартты. Алматы қаласында, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотта, яғни Қаскелең ғимаратында өткізуге бас тартты.
Сот отырысы кезінде Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов өзін жайсыз сезінініп сыртқа шығуға бір өтінсе, марқұмның әжесіне жедел жәрдем шақыруға тура келді. Адамның көптігі және сот залының тарлығы процестің қолайсыз жағдайда өтіп жатқанына өзгелер де шағымданды. БАҚ өкілінің көптігінен, қосымша екі залда бейнетрансляция ұйымдастырылды. Мұнан бөлек, соттың жүру барысы Жоғарғы соттың ютуб платформасында тікелей көрсетілді. Өзін жайсыз сезінген Шерзат Полаттың әжесі ауруханаға барудан бас тартты.
БАУЫРЖАН СӘКІПОВ, ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ФЕЛЬДШЕРІ:
— Науқастың жағдайы бірқалыпты, толық тұрақты. Ауруханаға баруға қажеттілік жоқ. Науқасқа ауруханаға бару ұсынылды, бірақ өзі бас тартты.
———————————————