Жедел жәрдемдегі жанжал. Теміртау қаласында түнгі кезекшілікте жүрген фельдшер әріптесінен таяқ жеді. Қолы сынған, беті көгерген әйелге шұғыл көмек көрсетілді. Куәгерлердің айтуынша, ер кісі әйелді қылғындырып, шашынан тартып, сүйрей жөнелген.
Дәрігерлер миы шайқалған деп диагноз қойды. Оқиғаның нақты себебі әлі белгісіз. Куәгерлер ер адамның сол күні мас болғанын айтып отыр. «Денсаулыққа қасақана зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
БАҚЫТЖАН ҚҰДИЯРОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Аталған оқиға бойынша сол күні қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысушылардың емдеу курсы аяқталғаннан кейін тиісті сараптама тағайындалады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.