Көлікке оқ жаудырған күдікті ұсталды

Әлеуметтік желіде жалма-жан қашпақшы болған автокөлікке әлдекімнің оқ жаудырғаны түсірілген бейнежазба тарады. Кадрда жүріп бара жатқан автокөлікті дәлдеп, оқ атқан ер адам анық көрнеді. Ол бірінші қаруын көліктің дөңгелегіне қаратып, екінші рет көліктің өзін көздеп атады. Тағы бір ер адамның қару ұстаған жігітке қаш деген дауысы анық естіліп тұр. Осы іске қатысы бар деген екі күдікті ұсталған.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Алматы қалалық полиция Департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес Басқармасының қызметкерлері екі ер адамды ұстап, олардан қаруды тәркіледі. Сезіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.
———————————————