Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын тіс емдеуге және бала денсаулығы үшін пайдалануға болады. Денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы жинағын жұмсауға болатын медициналық қызмет тізімін көбейтті. Бірыңғай Жинақтаушы Зейнетақы Қорындағы қаражатты пайдалану үшін азамат арнайы электронды өтінім беріп, медициналық ұйымнан ұсыныс алуы тиіс. Мамандардың айтуынша, бұл шешім қоғам сұранысына сай қабылданған. Себебі тұрғындар тарапынан денсаулыққа қатысты өтініш көбейген.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.