Атырау іргесіндегі Көктем ықшам ауданында екі жылдан бері мектеп құрылысы тоқтап тұр. Соның салдарынан ұл-қыздар үшауысымды білім беру ұйымдарында қас қарайғанша сабақ оқуға мәжбүр. Балалары үшін алаңдаған ата-аналар құрылыстың уақытылы аяқталуын талап етті. Ал шенеуніктер: «Қазынадан қыруар қаржы бөлінген оқу ордасының кестеден кешігуіне құрылыс материалдарының қымбаттауы себеп», — дейді.
600 орындық мектеп іргетасы 2022 жылы қаланған. Бірақ содан бері 3 жыл өтсе де әлі күнге дейін құрылыс жұмыстары баяу жүріп жатыр. Соның салдарынан Көктем ықшам ауданының мыңнан аса оқушысы Ақжар, Ақсай, Жұлдыз, Қайыршақты елдімекеніндегі оқу ордаларында білім алады.
СӘУЛЕ ӘЖІҒАЛИЕВА, КӨКТЕМ ЫҚШАМАУДАНЫ ТҰРҒЫНЫ:
— Үш ауысыммен оқиды. Кішкентай балалар таңертең 7-де кетеді,. Кәдімгі 7-8 де, 6-оқитын бала түс қайта 3-те барады. Қандай білім болады? Кешкі сағат 8-де келеді. Біздің талабымыз мектеп салып берсін. Жылда өтірік уәде. 2022 жылы аяқталады деген
РАШ НАСЫРОВА, КӨКТЕМ ЫҚШАМ АУДАНЫ ТҰРҒЫНЫ:
— Ақсайға тасимыз. Бірде балшық, бірде автобус болады, бірде болмайды. Немерелерім ғой, соларға жаным ашиды. Жұлдыздарда 3 мектеп бар, ал бізде 1 мектеп жоқ. Сол қалай? Соған жауап берсін.
Шенеуніктер құрылыстың кестеден кешігуіне құрылыс материалдарының күрт қымбаттауы себеп деп отыр. Қазір жобаға қайта түзету енгізіліп, қосымша қаржы сұралған.
ЕРНАР ҚАБЫРБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:
— Жобаға түзетулер енгізіліп жатыр. Бұл жоба 2022 жылы жасалған. Қазіргі уақытта сметалық құны өзекті емес болуына байланысты жобаға түзетулер енгізіліп жатыр. Қазіргі таңда құрылыс монтаж жұмыстары тоқтаған жоқ. Қыркүйекте аяқтау жоспарланып отыр. Толық ақшасы бөлінген жоқ. Жоба бойынша қаралған қаражаты – 3 миллиард.
Ал мердігер компания өкілі әкімдік сөзін жоққа шығарды. Айтуынша, әу баста бөлінген қаржының тек 27% ғана төленген. Сондықтан құрылыстың тұралап қалғанын жасырмайды.
АҚЖОЛ ЖАРАС, МЕРДІГЕР КОМПАНИЯ ӨКІЛІ:
— Жұмыстың жәй жүру себебі тапсырыс беруші бізге жалпы қаржының 27% ғана төледі. Қазір өзіміздің компанияның қалтасынан төлеп, жұмыс істеп жатырмыз. Сол себепті біздің тараптан жұмыс жай жүріп жатыр. 800 млн тг алдық.
Мектеп құрылысына әу баста 3 миллиард теңге бөлінген. Қазір жұмыстың 60% аяқталған. Жауаптылар жаңа оқу жылына дейін білім беру ұйымын тапсырамыз деп сендіріп отыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.