214 мыңнан астам қазақстандық атаулы әлеуметтік көмек алады

Елімізде атаулы әлеуметтік көмек 214 мыңнан астам адамға тағайындалды. Бұл – биылғы 1 сәуірдегі мәлімет. Атаулы көмек 40 мың отбасыға беріліп жатыр. 8,1 миллиард теңге бөлінген. Республикалық бюджеттен 132,9 миллиард теңге қарастырылған. Ал өткен жылғы осы кезеңде 317 мың адам, яғни 60 мыңға жуық отбасы мемлекет қолдауына мұқтаж болған. Биыл атаулы әлеуметтік көмек алушы азайды.
Айта кету керек, атаулы әлеуметтік көмекке eGov.kz порталы арқылы өтініш қалдыруға болады. Халықты жұмыспен қамту орталығына немесе тұрғылықты жері бойынша ауылдық округ әкімдігіне тапсыра алады.
———————————————