СҚО-да кене қаптады

Солтүстік Қазақстан облысында сәуір айының басынан бері 44 адамды кене шаққан. Ал оның 15-і – бала. Сәйкесінші мерзіммен салыстырған бұл 4 есе көп. Сондықтан эпидемиологтар табиғат аясында демалуға шыққанда аса сақ болу керектігін ескертеді. Өйткені зиянкестер түрлі жұқпалы ауруларды тасымалдайды. Ал оның арты өлімге алып келу мүмкін.
Дәрігердің көмегіне жүгінген науқастардың жағдайы жақсы. Барлығына уақытында медициналық көмек көрсетілді. Бастысы, олардың ешқайсысында вирустық энцефалит кездеспеген. Жалпы, қансорғыштың бұлай жаппай көбеюіне ауа райының күрт жылынуы себеп болып отыр. Айта кетейік, еліміздің шығысында да кене қаптады. Мұнда 76 адам зардап шекті.
АРМАН КҮШБАСОВ, ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Солтүстік Қазақстан облысында Айыртау ауданы – эндемиялық аумақ. Былтыр онда 220 адамға екпе қойылған еді. Ал биыл 590 тұрғынды қамтимыз. Бүгінде халықтың 93% вакцина салынды. Сондай-ақ Лобанова және Айыртау ауылында зарарсыздандыру жүргізіледі.
———————————————