Иран. Тайсон. Сұңқар. Жеңіс тәртіпті қадағалап жүр. Қолға үйретілген ақылды әрі қырағы қарғы баулының көмегімен жыл басынан бері 300-ге жуық қылмыс ашылды.
Бұл иісшіл иттің лақап аты – Блейс. Қазір 4 жаста. Тұқымы белгиялық. Ол есірткі заттарды іздеуге машықтанған. Кинолог Дархан Адай онымен 2 жыл тығыз жұмыс істеп жүр. Қарғыбаулыны тәулік сайын жаттықтырады. Биылдың өзінде Блейстің көмегімен он шақты қылмыскер құрықталды.
ДАРХАН АДАЙ, КИНОЛОГ:
— Тыңдау – бірінші орында керек нәрсе. Өз бетімен жұмыс істемеуі үшін тәрбиелікке үйретеміз. Бірінші тәрбие, сосын есірткі табу бағыты бойынша үйретеміз. Кішкентай кезінен бірге жүрген соң бауыр басып қаласың, тактикалық жағынан өзің қалай үйретесің сол бойынша жұмыс істейді. Мінезді иттер тез табуға көмектеседі, жаттығулары да тез болады.
ИНАРА БАРСАҚБАЕВА, ТІЛШІ:
— Төрт аяқтылар есірткі тасымалдаушылардың ізін кесуге әбден машықтанған. Менің қолымда есірткі затының баламасы бар. Қазір қызыл чемоданға жасырып көрейін. Иісшіл ит таба ма екен? Соны тексеріп көрейік.
Блейс есімді иісшіл ит еш мүдірмеді. Жасырын затты бірден тауып алды. Иісті тапқанын дәл осылай тырнау әдісімен көрсетеді. Кинолог ынталандыру ретінде ойыншық береді.
РАУАН ДӘУЛЕТОВ, КИНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Ең тиімді бағыт – ойын арқылы итке иісті үйрету. Добын іздеп үйренеді. Добын табады. Ол допқа иісті қосамыз. Арнайы баламасы бар. Ит ол иісті тапқан кезде ойыншығын береміз. Тамағын береміз. Осы затты іздеу керек екенін түсіндіреміз.
Кинологиялық орталықта осындай 50-астам кәсіби ит қызмет етеді. Дені – неміс және бельгиялық овчарка. Ротвейлер де бар. Әрқайсысына жаттықтырушы бекітілген. Төрт аяқтылар бірнеше бағыт бойынша жұмыс істейді. Бұл – андрологиялық идентификация, есірткі , жарлығыш заттарды анықтау және шабуылдап ұстау.
Қызметтік иттердің есімі де ерекше таңдалған. Ирак, Иран, Тайсон, Жеңіс, Сұңқар атты төрт аяқтылар бар.
ИНАРА БАРСАҚБАЕВА, ТІЛШІ:
— Мен Кинологиялық орталықтың қорғаныш костюмын киіп алдым. Шабуылшы иттердің жұмысын бағалаймыз. Олар адам өміріне қауіп төндірген қарулы қылмыскерлерді ұстауға арналған. Қазір жүгірмекпін Көріп тұрғандарыңыздай, бұл иттер берілген тапсырманы еш мүдірмей орындады.
Қылмыскерді ұстауда қызметтік ит осылай шабуылдайды. Жыл басынан бері төрт аяқтының көмегімен 300-дей қылмыс ашылды. 90 келі есірткі заты тәркіленді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.