Жүргізуші: Ардақ Қасымхан — https://www.instagram.com/ardak_kassymkhan
ШЕРЗАТ ПОЛАТ ІСІ
Талдықорғанда Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысы жалғасты. Сот залында марқұмның туысының тынысы тарылып, жедел жәрдем көрсетілді. Ал қорғаушылардың бірі судьяға ұсыныс айтты.
ФЕЛЬДШЕРДІҢ СОҚҚЫСЫ
Жедел жәрдемдегі жанжал. Теміртау қаласында түнгі кезекшілікте жүрген фельдшер әріптесінен таяқ жеді. Қолы сынған, беті көгерген әйелге шұғыл көмек көрсетілді.
ЖИНАҚТЫ ЖҰМСАУ
Зейнетақы жинағын тек тұрғын үйге емес, денсаулыққа да жаратуға болады. Қазақстандықтар жинақтағы қаражатын тіс емдетуге және баласының ем-домына бағыттай алады.
СИҚЫ ҚАШҚАН КЕШЕН
Шымкентте 3 миллиард теңгеге салынған тарихи-мәдени кешеннің қасбеті мүжіліп, күйреп жатыр. 4 жыл бұрын тұрғызылған нысанға турист жоламай, ел қашқан.
ИІСШІЛ ИТ
Иісшіл ит инновациядан озып тұр. Қолға үйретілген ақылды әрі қырағы қарғы баулының көмегімен жыл басынан бері 300-ге жуық қылмыс ашылды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.