Жиһад жасауға үгіттеген шымкенттік 8 жылға сотталды

WhatsApp арқылы Сирияға жиһадқа шақырған. Шымкентте ер адам терроризмді насихаттағаны үшін 8 жылға сотталды. Ол былтыр қыркүйекте өзінің танысына ватсаппен зорлық-зомбылыққа шақыратын материал мен тыйым салынған «Мұсылман бауырлар» халықаралық лаңкестік ұйымының идеологиясын жолдаған. Хабарламада қарулы жиһад идеясын насихаттап, Сириядағы террористік топтарға қосылуға үгіттеген. Сот оны «терроризмді насихаттау және адамдарды террористік әрекетке тарту» баптары бойынша кінәлі деп таныды.
ЖАНЕРКЕ АТЫҚАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРА ӨКІЛІ:
— Өткен жылы осындай қылмыс жасағаны үшін 10 азамат сотталған. Шымкент қаласының прокуратурасы бұл әрекеттер үшін 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы және мүлкін тәркілеу қарастырылғанын ескертеді.
———————————————