Депутаттар «сән-салтанат салығын» енгізуді ұсынды

Бай-бағлан бұлданбасын! Дәл осы жиында сән-салтанат салығын енгізу ұсынылды. Айталық, құны 450 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлікке және 75 млн теңгеден жоғары автокөлікке салықты көбейту қарастырылған. Бұл ретте яхтасы мен жеке ұшағы барлар да назардан тыс қалмайды. Қымбат алкогольдік ішімдіктер мен сигараларға 10% акциз енгізу көзделіп отыр.
СЕРІК ЖҰМАНҒАРИН, ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:
— Біз «сән-салтанат салығы» деп аталатын тауарлардың жекелеген санаттарына жоғары салық салуды ұсынамыз. Ол үшін жылжымайтын мүлік құны 450 миллион теңгеден асатын болса, мүлік салығының мөлшерлемесін ұлғайту ұсынылады. Сондай-ақ құны 75 миллион теңгеден асатын жеңіл автомобильдерге, сондай-ақ қымбат теңіз кемелері мен ұшу аппараттарына акциздер енгізу жоспарлануда.
———————————————