Шахматтан әлем кубогына іріктеу тартысты өтіп жатыр

Алматыда 2 сәуірде басталған Әлем кубогына іріктеу кезеңі мәреге таяп келеді. Орталық Азияның 6 елі: Қазақстан, Ауғанстан, Қырғызстан,Тәжікстан,Түрікменстан мен Өзбекстаннан 140-қа жуық шахматшы қатысып жатқан турнир тартысты өтіп жатыр. Шахмат тақтасында кіл мықтылар шайқасуда. Бәсі биік ойында, алғашқы жүріс мәртебелі меймандарға берілді.
Шахматтан әлем кубогына үміттілер ойын өрнегін көрсетіп, жарыс қызығы да мәреге таяп келеді. Биыл бұған дейінгі олимпиададағы жетістіктері үшін Орталық Азияға 7 квота бөлінген. Бұл бұрынғыдан екі есе көп. «Қазақстан үшін аса маңызды іріктеу турнирін қабылдау – аса зор мәртебе», — дейді ұйымдастырушылар. Сондықтан турнир басталған сайын шахматтың алғашқы жүрісі шақырылған қонақтарға беріледі.
НАРИМАН КУРБАНОВ, ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ:
— Әрине, спортта Қазақстанның әлемдік аренаға көтерілуі еліміз үшін аса маңызды. Менің қолымнан келетін іс болса, қашан да дайынмын. Ал 100% ақыл өрнегін көрсететін шахмат маған керемет әсер қалдырды. Турнирге қатысушыларға сәттілік тілеймін!
Чемпионатқа әсіресе еліміздегі шетелдік дипломаттардың назары ауған. Спортшыларды қолдауға әр елдің елшілік өкілдері қатысып, Қазақстанның шахматтан әлемдік беделі артып келе жатқанын айтты.
ЮРГЕН ЗАЙТЦ, ГФР КОНСУЛ-АТТАШЕСІ:
— Мен бізде өтіп жатқан көптеген шахмат турнирын ұйымдастырдым. Ал бүгінгі турнирдің керемет өтуі – Шахмат федерациясының кәсібилігінің көрінісі. Күндердің күнінде Қазақстанда Еуропа чемпионаты өтсе, мен міндетті түде қатысып, алғашқы жүрісті жасар едім.
ДӘРМЕН СӘДУАҚАСОВ, ҚАЗАҚСТАН ШФ БІРІНШІ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:
— Біз үшін бұл шараның маңызы зор. Әрине, мақсат – Әлем кубогына іріктеу. Әлем чемпиондары осындай турнирлерден шығады.Тағы бір пайдасы, спортшыларымыз осындай шахмат тақтасындағы жекпе жектерде шыңдалады.
Өтіп жатқан ауқымды шараның бас серіктесі – Freedom Holding. Сондай-ақ жарысқа SHYMBULAK WATER суы, Алматы Халықаралық әуежайы мен «Атакент» көрме орталығы қолдау білдіріп отыр.
НИНА НУРАМБЕКОВА, FREEDOM HOLDING CORP МАРКЕТИНГ ДИРЕКТОРЫ:
— Біз осындай ауқымды шараға үлес қосқанымызға өте қуаныштымыз. Шахмат – ойланып қадам басуға, тіпті нарық заманында дұрыс адымдауға қажет спорт дер едім. Қазір Қазақстанда шахмат спорты қарыштап дамып келеді. Мен біздің спортшылардың жанкүйерімін. Фридом шахматты қолдайды.
Дәл қазір аяқталып келе жатқан турнир жеңімпаздарының есімдері де белгілі болды. Ерлер арасында 3 бірдей жүлделі орынды қазақстандық спортшылар иеленді. 1-орынды Алдияр Аңсат, 2-орынды Сәтбек Ахмединов, 3-орын Әлішер Сүлейменовке бұйырды. Алматыда өтіп жатқан турнирге ең мықты деген шахматшылар жиналған. Сәлден соң әйелдер арасында жүлдегерлер белгіі болады.
Дәл қазір Алматыда өтіп жатқан шахмат чемпионаты аяқталды. Әлем кубогына жеңімпаздардың есімдері де белгілі болды. Ерлер арасында 3 бірдей жүлделі орынды қазақстандық және бір өзбек спортшысы иеленді. 1-орынды Алдияр Аңсат, 2-орынды Сәтбек Ахмединов, 3-орын Әлішер Сүлейменовке, ал 4-орын Мухаммадзохид Суяровқа бұйырды. Әйелдер арасында бірінші орынды өзбекстандық Афруза Хамдамова және 2-3 орын қазақстандық Елнәз Қалиахмет пен Меруерт Кәмәлиденова жеңіп алды.
———————————————