Алматыда мотоцикл үш жол жөндеушіні қағып өлтірді | 09.04.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ҚЫРШЫН ӨМІР
Қосшыда бүлдіршіндерді таситын шағын автобус аялдамаға соғылды. Оның ішінде отырған 10 баланың жетеуі ауруханаға жеткізілді. Осыдан бірнеше күн бұрын дәл осы қалада келіншек 2 жасар баланы қағып, ол оқиға орнында көз жұмған еді.

ЖИҺАДШЫ СОТТАЛДЫ
Сирияда соғысуға шақырған. Шымкентте WhatsApp арқылы тұрғындарды жиһад жасауға үгіттеген адам сотталды. Оған терроризмді насихаттаны үшін 8 жыл үкім кесілді.

ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІ
Қосымша құн салығы 16%-ке көтеріліп, шекті мөлшер 40 млн теңге болып белгіленсін. Мәжілісте жаңа Салық Кодексінің жобасы талқыланды. Құжатта белгілі бір салаға жеңілдік жасау, тіпті салықтан мүлдем босату қарастырылған.

БАЙ-БАҒЛАН БҰЛДАНБАСЫН
Бай-бағлан бұлданбасын. Елде сән-салтанат салығын енгізу ұсынылды. Құны 450 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлікке және 75 млн теңгеден жоғары автокөлікке салық көбейеді. Қымбат яхтасы мен жеке ұшағы барлар да назардан тыс қалмайды.

АҚЫЛ-ОЙ АЛАМАНЫ
Шахматқа әркімнің-ақ бар таласы. Соңғы жылдары ақыл-ой сайысына қызығушы қатары көбейіп, қазақстандықтар әлемдік додаларда жиі топ жара бастады. Демек, салаға аса ден қойылып, қолдау күшейіп жатыр. Шахматты демеп жүрген кімдер?
———————————————