Жол апатына ұшыраған 4 жасар қыз балаға жасалған операция сәтті аяқталды. Дәрігерлердің айтуынша, балақайдың жағдайы бірқалыпты.
Айта кетейік, кеше Астана іргесіндегі Қосшы қаласында шағын автобус аялдамаға соғылып, оның ішіндегі 10 баланың жетеуі жарақат алған болатын. Қазір олардың дені үйіне жіберілді. Оқиға ізімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Жол апатына не себеп болғаны туралы ешқандай ақпарат жоқ. Белгілісі, шағын автобус алдымен қоғамдық көлікке соғылған. Екі жүргізуші және шағын автобус тиесілі балабақша басшылығына қатысты қандай да бір мәлімет берілмей отыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.