Шымкентте екі алаяқ зейнеткердің 46 млн теңгесін алдап алған. 69 жастағы кейуанадан ақша жымқырғандарды полиция қолға түсірді. Олар өздерін байланыс операторы ретінде таныстырып, SMS-код арқылы зейнеткердің шотында ақша барын білген. Кейін құқық қорғаушылардың атынан хабарласып, алдыңғы қоңырау шалған алаяқ екенін ескертеді. Сөйтіп, зейнеткерге жиған-тергенін сақтап қалу үшін ақшаны шешіп алуды ұсынған. Сотта күдіктілердің кінәсі дәлелденіп, әрқайсысының бостандығы 5 жылға шектелді. Ақша иесіне қайтарылды.
БАҒЛАН ИСАТАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Киберпол қызметкерлері күдіктілерді анықтап, жан-жақты және толыққанды тергеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, жәбірленушіге келтірілген шығын түгел өтелді. Полиция азаматтарды мұқият болуға және жеке деректері мен қаражатын белгісіз тұлғаларға бермеуге шақырады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.