Атырауда масамен күрес басталды

Атырауда масамен күрес басталды. Биыл бұл шараға бюджеттен 244 млн теңге бөлінген. Қазір мыңнан аса тұрғын үй мен саябаққа дезинсекция жүргізіліп жатыр. Жалпы шыбын-шіркейді улау ерте қолға алынды. Өйткені күн күрт жылынса, қаптаған қансорғыш қалың жұрттың қанын ішеді. Атыраудың масасы шаққан жердің жанын шығарып, жара қылатын әдеті бар. Тіпті түрлі ауру тарауы да мүмкін. Осыдан әбден зәтте болған мамандар қолын мезгілінен бұрын сермеп отыр.
ЕЛТАЙ АЙБАТОВ, ТҮКШ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:
— Қала аумағын екіге бөлдік. Ашық конкурс жарияладық. 99 млн-ға мердігер қаланың оң жағын, екінші мердігер сол жақ жағалауды 93 млн-ға қаланы масадан улауға жеңімпаз болып танылды. Аталған қос мекеме жұмысты сәуірден бастады. Қазір көпқабатты тұрғын үйлер мен саябақтарды улауға білек сыбана кірісті.
———————————————