Мемлекет басшысы Ғылым күні қарсаңында ғалымдарды марапаттады. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің өркендеуіне атсалысып жүрген азаматтарды кәсіби мерекесімен құттықтап, бір топ ғалымға мемлекеттік марапат пен баспана кілтін табыстады. Биыл «Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері» атағы тұңғыш рет берілді. Жиында ғылымға қатысты біраз мәселе де көтерілді. Қазір елімізде 25 мыңнан астам ғалым бар. Олардың жартысы 40 жасқа толмаған. Бұл ғалымдардың жаңа буыны қалыптасып жатқанын көрсетеді», — деді Президент. Жиын барысында Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым саласындағы жетістіктерге де тоқталды.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ:
— Қолданбалы зерттеулермен айналысатын ғылыми ұйымдардың кірісі соңғы бес жылда 40 миллиард теңгеден асты. Қазынаға 10 миллиард теңгеден астам салық түсті. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш ұлғая бермек. Ғылым саласына 14,5 миллиард теңге жеке инвестиция тартылды. Екі мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Осылайша, ғалымдарымыз экономиканы өркендетуге атсалысып жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.