Дональд Трамп әлем елдеріне жариялаған тарифін үш айға шегерді. Осыдан кейін мұнай бағасы бірден 4% көтерілді. Әйтсе де арқаны кеңге салуға болмайды. «Бұл кідірісті оңтайлы пайдалауға қажет», — деп есептейді отандық сарапшылар. Өйткені ақ үйдің алпауыт мемлекеттерге белгілеген қосымша баж салығы жаһан экономикасын тежеп, өнім өндіру көлемі азаяды. «Ал әлемдік саудадағы жағдай ұлттық валютамызға да салқынын тигізуі бек мүмкін», — дейді экономистер.
МАҚСАТ ХАЛЫҚ, ЭКОНОМИСТ:
— Бірде түседі, бірде жоғарылайды. Алдағы уақытта осындай үдерісті жиі көреміз. Одан бөлек, саяси факторлар әсер етсе, одан экономикалық ешқандай негіз болмайтын жағдайларды көрдік. Егер қандай да бір жинақтарыңыз болса, оны тек доллармен не теңгемен ұстауға кеңес бермеймін. Бір валютада ұстаудың ешқандай реттілігі жоқ. Керісінше оны бөліп-бөліп әртүрлі валютада сақтаған жөн.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.