Ел үкіметі газ саласын 2029 жылға дейін дамытудың жаңа кешенді жоспарын әзірледі. Бұрынғы құжат 2026 жылға дейін есептелген болатын. Бірақ ондағы кейбір міндет орындалмаған. Айталық, былтыр шикі газды алу – 66,6 млрд текше метрге, тауарлық газды өндіру 30,1 млрд текше метрге артуы тиіс еді. Алайда 2024 жылы небәрі 59 млрд текше метр шикі газ алынып, 28,7 млрд текше метр тауарлық газ өндірілген. Сөйтіп, тауарлық газ керісінше, 900 млн текше метрге кеміген. Оның сыртында 2023 жылы іске қосылуға тиіс Қашаған газ өңдеу зауыты бірнеше рет шегерілді. Енді қуаты жылына 1 млрд текше метрге есептелген кәсіпорын құрылысы келесі жылдың соңында ғана аяқталады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.