Ұлы отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа дайындыққа байланысты елорданың кейбір көшелері уақытша жабылады. Әскери техниканың дайындығы «Өндірістік қалашық» аумағында өтеді. Ақжол, Қарашығанақ және Бұйрат көшелерінде сәуірдің 10-ы мен 30-ы аралығында әр аптаның дүйсенбі, сәрсенбі және жексенбі күндері түске дейін автокөлік қозғалысына шектеу енгізіледі. Жаттығу шаралары аяқталған соң, қозғалыс қалпына келтіріледі.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.