Қосшыдағы автобус апаты: 4 жасар қызға операция жасалды | 10.04.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ШЕРЗАТ ІСІ СОТҚА ЖЕТТІ
Талдықорғанда 16 жасар Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот басталды. Отырыс ашық түрде өтіп жатыр. Сот алдында 9 айыпты жауап береді. Оның біреуі кәмелетке толмаған.

БІР ТҰТАМ ӨТІРІК
Екі шымкенттік алаяқтың бостандығы бес жылға шектелді. Олар зейнеткерді алдап, 46 миллион теңгесін қалтасына басқан.

ТРАМП КІЛТ ТОҚТАДЫ
Дональд Трамп әлем елдеріне жариялаған тарифін 90 күнге шегерді. Осыдан кейін мұнай бағасы бірден 4% көтерілді. Бұл кідіріс теңгенің тұрақтауына септігін тигізе ме?

КӨРШІГЕ КІРІПТАР
Шилісайдағы мектеп шаршатты. Құрылысы алты жылдан бері аяқталар емес. Ал оқушылар күн сайын көрші ауылға қатынайды. Ақтөбе іргесіндегі ат төбеліндей елге қуанышты хабар қашан жетеді?

ТЕГІН ҮЙІРМЕ
Тегін үйірмеге қанша бала барып жүр? Президент Ұлттық құрылтайда бұл бағыттағы жұмысты ширатуды тапсырған болатын. Ендеше, «Даму бала» жобасы даңғыл жолға түсті ме?
———————————————