Қарызы бар азаматтар құмар ойындардан шеттетіледі. Сенаторлар заңнамадағы ойын бизнесі мәселелері бойынша түзетулерді мақұлдады. Енді онлайн платформаларда букмекерлік кеңселер мен компанияларды оңды-солды жарнамалауға тыйым салынады. Бірақ бұл шектеу компаниялардың ресми сайттары мен спорттық бұқаралық ақпарат құралдарына ғана қатысты емес. Ұялы телефонға жарнамалық материалдарды жіберу де заңмен қудаланады. Жалпы, былтыр ойын бизнесінің айналымы 1 триллион теңгеден асқан. Қазақстанда 500 мыңға жуық адам – лудоман. Оның жартысынан көбі – 29 жасқа дейінгі азамат.
ӘДІЛЕТ ТҰРҒАНБАЕВ, ОБЛР КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
— Жас азаматтарды, қарызы бар азаматтар мен мемлекеттік қызметшілерді, тағы бір категорияны қосып отырмыз. Жазасын өтеп жатқан азаматтар мен шартты түрде өтеп жатқандарды шектеп жатырмыз. Біз оларды тәуекел группасы ретінде қарастырып отырмыз. Жарнаманы шектеу арқылы олардың құмар ойындарға қатысу деңгейін төмендетеміз деген болжаммен жасап отырмыз.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.