Қызылордада Qnet қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды

Қызылордада Qnet қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды. Олардың Астанадағы жеті пәтері мен автокөлігі тәркіленді. Мүліктің жалпы құны – 301 млн теңге. Күдіктілер азаматтарды көпдеңгейлі маркетингтік желі мен электронды коммерцияға инвестиция салуға тартқан. Сондай-ақ жалған саяхат картасы мен зергерлік бұйымдарды сатып алуға үгіттеген. Салымшылар 840 мыңнан 4 млн теңгеге дейін қаржы құйған.
ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Қаржы пирамидасына 51 адам қатысып, олар 63 миллион теңгеден астам қаражат салған. Сот шешімімен пирамида ұйымдастырушылары кінәлі деп танылып, 6 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
———————————————