Президент ресми сапармен Шымкентке барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Шымкент қаласына барды. Мемлекет басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысты. Ол алдымен Шымкент әуежайының жаңа терминалына барды. Президенттің қаланы дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында салынған әуежайдың құрылысына жеке инвестор 24 миллиард теңге салған. Бұл әуе қатынасының бағыт санын 17-ден 59-ға дейін ұлғайтуға, Еуропа мен Азияның бірқатар еліне рейстер ашуға мүмкіндік бермек.
Сондай-ақ Президент стратегиялық маңызы зор Батыс Қытай – Батыс Еуропа көлік дәлізіне жақын орналасқан «AлмарЛогистик» сауда-логистика орталығын да аралап көрді. Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент City шағын ауданындағы жаңа саябақта ағаш отырғызды.
———————————————