Елде 115 су арнасы жаңартылады

Қазақстанда төрт жаңа су қоймасы салынып, жұмыс істеп тұрған төрт су қоймасы қайта жаңғыртылады. Сонымен қатар 115 су арнасы жаңартылады. Бұған Ислам даму банкі қаржылай қолдау көрсетеді. Жалпы су инфрақұрылымын дамыту жұмыстары Астана қаласы мен Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Жетісу және Батыс Қазақстан облыстарында жүзеге асырылады. Оның сыртында су бассейндерін зерттеу, ерте ескерту жүйесін енгізу және «Қазсушарды» жаңғыртуға да қаржы бөлінеді.
Айта кетейік, кеше Мемлекет басшысы жаңа Су Кодексіне қол қойған болатын. Құжат сумен қамтудың жаңа механизмін қалыптастырып, су нысандарын қорғауға бағытталған.
———————————————