Түркістан облысында шегіртке жылдағыдан 2,5 есе көбейді. Зиянкес өңірдің тоғыз ауданында байқалған. Қазір жәндіктің ошағы саналатын Сарыағаш, Келес аудандары мен Арыс қаласында жаппай дәрілеу жүріп жатыр. «Оларды 20-25 күнде дәрілеп бітпесе, қанаттанып кетеді», — дейді мамандар. Бұған әсіресе малшылар қауымы алаңдаулы. «Шегіртке қаптаса, жайылымсыз қаламыз ба?!» — деп үрейленеді. Сол себепті бұл жұмысқа еріктілер мен ауыл тұрғындары да тартылды. Бүгінге дейін 15 мың гектарға жуық жер залалсыздандырылды.
СҮЛЕЙМЕН ЖЫЛҚЫБАЕВ, КЕЛЕС АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Бүгінгі таңда 190 анықтаушы қоғамдық ақылы жұмысқа тартылған және еріктілер бар. Осындағы округте тұратын диқандарды, қойшылар мен шопандарды қосқан кезде – барлығы 500 адам жұмыс істеп жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.