Алматыда реновация бағдарламасы аясында бес жылда шамамен 700 ескі үй сүріледі. Олар қаланың сегіз ауданында орналасқан. 70 шақтысы тектоникалық тақталар шектескен аймақта тұр. 250 үйді әкімдік инвестициялық тұрғыдан тартымсыз деп шешкен. Ал үшінші санаттағы 1 мың үй керісінше, инвесторлар үшін тиімді болып көрінген. Олардың орнында кварталды құрылыс бой көтереді. Қамысты, тас, саман кірпіштен соғылған бұл екі қабатты үйлердің тұрғанына жүз жылдан асты. «Мұнда өмір сүру енді мүмкін емес», — деп шешкен әкімдік өкілдері.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.