Көкшетауда 5 жасар бала терезеден құлап, қайтыс болды | 11.04.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ҚАРЖЫ ҚАҒИДАСЫ
Әлемде қаржы нарығы шатқаяқтай бастады. Бұл дағдарыс Қазақстан экономикасына да салқынын тигізуі мүмкін. Сондықтан Ұлттық банк шұғыл шараларға кірісті. Бүгін базалық мөлшерлеме туралы мәлімдеме жасады.

ТЕРЕЗЕДЕН ҚҰЛАДЫ
Көкшетауда 5 жасар бала алтыншы қабаттың терезесінен құлап, мерт болды. Күн жылынса, осы мәселе мазаны қашырады. Құтқарушылар ата-аналарға сақ болуды ескерткенімен, оқыс оқиға азаяр емес.

ТАСҚЫН
Ақмола облысының бір ауданында төтенше жағдай жарияланбақ. Су тасқынынан қауіп бар. Ал басқа өңірлерде жағдай тұрақты. Төтенше жағдайлар министрлігі бақылауда ұстап отыр.

ҚАУІПТІ АЙМАҚ
Алматыда 700-ге жуық үй сүріледі. Оның дені Түркісіб ауданында. Зілзала болса, тиктоникалық тақталардың шектескен тұсында орналасқан бұл ғимараттар сыр беруі мүмкін.

БИЛЕТКЕ ТАЛАС БАСТАЛДЫ
Әйгілі әнші Дженнифер Лопестің Астанада өтетін концертіне билет сату басталды. Алайда сұраныс ойдағы жоспардан 2,5 есе артып кетті. Әр орынға шамамен үш адам таласып жатыр.
———————————————