Ажал құштырған антибиотик

Ажал құштырған антибиотик. Таразда ем-шара кабинетінде «антибиотик салдырамын» деп өмірімен қоштасқан екі азаматтың өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр. Олар екпе алғаннан соң анафилактикалық шоктан қайтыс болуы мүмкін. 29 жастағы Исламбек те, 50 жастағы Ерлан Атабеков те Тараз қаласындағы жекеменшік ем-шара кабинетіне барып, медициналық көмек сұраған. Қолдарында дәрігер нұсқаулығы болмаған. Сынама жасамай-ақ, бірден екпе жасаған медициналық қызмет көрсету орталығы лицензиясыз екен. Антибиотикті көтере алмаған науқастар сол жерде есінен танып, қиналған сәтте бір де бір дәрігер көмек жасай алмапты. Қазір осы қайғылы оқиғадан соң қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.Өңірде осындай 70 шақты рұқсаты жоқ ем-шара кабинеттері анықталған.
НҰРЛАН АЙМАНОВ, ҚР ДСМ МФБК ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Екі емшара кабинеті де заңсыз жұмыс істеп келген. Біреуі жабылды. Екіншісі құқығын қорғап жүр. Дәрігері, сертификаты болған күннің өзінде олар науқасқа нұсқаулық бере алмайды. Кез келген препараттың кері әсері болуы тууы мүмкін. Бірақ олар көмекке дайын болмаған.
———————————————