Петропавлда Ұлттық ұлан академиясының 40 курсанты төбелесті

Петропавлда Ұлттық ұлан академиясының курсанттары арасында болған жаппай төбелеске қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін аталған білім ордасына Астанадан арнайы комиссия келді. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, кешкі ас ішіп отырған кезде 1-курс курсанттары арасында жанжал шығып, артынша 20-дан астам азамат бір-біріне жұдырық ала жүгірген. Салдарынан бірнеше курсант жеңіл дене жарақатын алды. Қазір қызметтік тексеріс басталып, сараптама тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр. Оның қорытындысына сәйкес тиісті шаралар қабылданып, кінәлілер жауапқа тартылады.
ЕРДЕН БАЛҒЫМБАЕВ, АКАДЕМИЯ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Қақтығыс кезінде бірнеше курсантымыз жарақат алды. Оларға медициналық қызмет көрсетілді. Кімге қандай шара қолданылатынын дәл қазір айта алмаймын. Өйткені тергеу амалдары жүріп жатыр.
———————————————