Алматыда микроқаржы ұйымын құрып, 327 мыңнан астам азаматты тақырға отырғызған күдіктілер ұсталды, 32 млрд теңгенің мүлкі тәркіленді. Белгілісі жұртты белшеден қарызға батырған қаржылық ұйым төлемі кешіккен әрбір азаматты белгілі бір компаниямен кепілдік шарт жасасуға мәжбүрлеген. Соңында қарыз алушылар несие сомасынан 3-5 есе артық ақша төлеп келген. Кепілгердің жауапкершілігі тек қайтыс болғаннан кейін кешірілген.
ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Алматы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті Creditum МҚҰ, Sofi Finance МҚҰ, Hava Finance МҚҰ, SF Offline МҚҰ, POS Credit МҚҰ, «Сәлем Кредит» МҚҰ басшыларына қатысты алаяқтық және заңсыз кәсіпкерлік қызмет деректері бойынша тергеуді жалғастыруда. МҚҰ ұйымдастырушысы 2 айға қамауға алынды. Оның жалпы құны 225 миллион теңге көлемінде 2 тұрғын үй мен BMW X6, Toyota Tundra маркалы автокөліктеріне тыйым салынды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.