Қытай тіскебасарынан уланған оқушылардың ісі тоқтатылды

Қобда ауданында мектеп оқушыларының қытай тіскебасарын жеп, улануына қатысты ешкім жауапқа тартылмайды. Ақтөбе полициясы қылмыстың құрамы жоқ деп істі қысқартқан.
Осы жылдың 18 ақпанында 4-сыныптың 23 оқушысы тамақтан уланып, ауруханаға жатқызылғанын еске салайын. Балалар мектеп жанындағы дүкеннен лобстер снэгін сатып алып, кейін сыныптастарымен бөліскен. Сосын оқушылардың бірі құсып, бірінің басы айналып, терлеп-тепши бастаған. Осы оқиғадан кейін санитар-мамандар аудандағы барлық дүкенді тексерді. Үшеуінен ешқандай таңбасы жоқ 12 қорап қауіпті тіскебасар тауып, тәркіледі. Сауда нүктелері тауарды үш күн ішінде сатылымнан алып тастағаны үшін ешқандай жауапқа тартылған жоқ.
———————————————