Көпбалалы ана 7 жыл бойы алимент төлемей келген

Жамбыл облысында көпбалалы ана 7 жыл бойы алимент төлемей келген. Кәмелетке толмаған балалары алдындағы ата-аналық міндетін орындаудан жалтарған әйелді Шу ауданының прокурорлары анықтап отыр. «Тұрақты жұмысым жоқ» деген желеумен азамат 5 балаға беруі тиіс бір жарым миллион теңгені төлеуге асықпаған. Жауапсыз анаға байланысты құзырлы орган өкілдері сотқа дейінгі тергеу жүргізіп, алимент толығымен өндірілді.
ҚАЙЫРЖАН ҚУАТБЕКОВ, ШУ АУДАНЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ:
— Тексеру барысында борышкердің тұрғын үйі мен жер телімі бар екені анықталып, сотқа дейінгі тергеп тексеру тоқтатылды.
———————————————