Су тасқынына қарсы шара белсенді жүріп жатыр

Төтенше жағдайлар министрлігінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, елде су тасқынына қарсы шара белсенді жүріп жатыр. Қауіпті кезең 25 сәуірден кейін аяқталады. Қазіргі уақытта төрт облыс: Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысы және Абай облысы бақылауда. Су тасқыны мен су басу қаупі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай төмендеген. Биыл табиғи апатқа қарсы күрес үшін бюджеттен қыруар қаржы бөлінді. Өңірлердегі қаржыландыру су тасқыны қаупінің деңгейіне және жоспарланған іс-шараға байланысты өзгереді.
Ең көп қаражат Ақтөбе облысына – 6,1 млрд теңге, Солтүстік Қазақстан – 3,7 млрд және Қостанай облысына 3 млрд теңге бөлінді. Ең құрғақ аймақ: Түркістан облысына – 100 млн теңге, Маңғыстау – 33,4 млн теңге және Қызылорда облысына 15,7 млн теңге бөлінді.
———————————————