Су тасқыны қаупі сейілген жоқ

Еліміздің бірқатар бөлігінде су тасқыны қаупі сейілген жоқ. Көктемгі судың көтерлуін бақылайтын Tasqyn жүйесі 251 өзеннің су деңгейін бақылап отыр. Ресми мәлімет бойынша, 330-дан астам елді мекенде 251 су бекеті бар. 1 223 су басу қаупі бар елді мекен тізімінде тұр. Су ресурстары және Ирригация министрлігі тасқын суды қабылдап, оны қауіпсіз өткізу мақсатында солтүстік, батыс, шығыс және орталық өңірлердегі ірі су қоймаларына жіберіп жатыр.
Атап айтқанда, Сілетіден 151 текше метр, Батыс Қазақстан облысындағы су қоймаларынан шамамен 90 текше метр, ал Өскемен су қоймасынан секундына 550 текше метрден астам көлемде су жіберіліп жатыр. Сол сияқты Шүлбі су қоймасынан 750, Жоғарыдағы Тобол, Қаратомар және және Сергеев су қоймаларынан 5 мың текше метр су жіберілді.
———————————————