Қызғалдақтан кілем: Шымкентте қызғалдақтар гүлдеді

Шымкенттің символына айналған қызғалдақтар гүлдеді. Көше бойлары, саябақтар мен демалыс орындарына биыл 1 млн 250 мың түп дала гүлі отырғызылды. «Қызылды-жасылды реңкке боялған алуын түрлі гүлдер көңіл-күйге де ерекше әсер етеді», — дейді тұрғындар. Қызғалдақтың 700 мыңнан астамы кәсіпкерлер есебінен әкелінген. Голландиялық гүлдердің биіктігі – 25 см, оларды қаланың орталығына отырғызса, былтырғы гүлдің түптері шалғай аудандарға егілген. Қазір мегаполистің 40 мың шаршы метр аумағы қызғалдақпен көмкерілген. Бұл гүлдердің маусымы аяқталған соң, орнына біржылдық гүлдер отырғызылады. Сонымен қатар Англия мен Франциядан 220 мың түп раушан гүлінің көшеті әкелінген.
Айта кетейік, қызғалдақ гүлдерін жұлғандар заң жүзінде жазаланады. Егер тәртіп бұзсаңыз, 3 мың айлық есептік көрсеткіш, яғни 11 млн теңгедене астам айыппұл арқалауыңыз мүмкін.
———————————————