Шымкентте құлағы естімейтін 22 жастағы қызды үш жігіт зорлап, бұл әрекеттерін бейнежазбаға түсірген. Бойжеткен өз еркімен шықпаса немесе біреуге айтса, жақынын өлтіріп, үйін өртеп жіберетінін айтып қорқытқан. Жәбірленушінің адвокаты барлық жазба мен дәлелдеме бар екенін айтты. Күдіктілер соңғы рет қызды зообақ маңына әкеліп тастаған. Бойжеткеннің халін көрген жандар полицияға хабарласыпты. «Алайда қызды бөлімшеге алып кеткен тәртіп сақшылары ешқандай іс қозғамады», — дейді анасы. Полицейлер күдіктілерді қамауға алып, жәбірленуішінің дәрменсіз күйін пайдаланып зорлағаны үшін іс қозғағанын мәлімдеді.
Анасы:
— Бөлімшеге келгеннен кейін ешқандай жұмыс істелмеген. Қыз отыра берген. «Арыз жазам» десе де жаздырмаған. Оған дейін бізге ешқандай хабар бермеген. Полицейлер бізді емес, бірінші жәбір көрсеткендерің ата-аналарын шақыртып, олармен істі бастап кеткен, бізбен ешқандай іс бастамаған. Ана ретінде қатты алаңдаймын.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.