Әйеліне зорлық көрсеткен Сәкен Мамаш Астанада ұсталды

Жұбайын жүйелі түрде сабады деп күдікке ілінген Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшілігінің бұрынғы кеңесшісі дипломат Сәкен Мамаш Астанада ұсталып, қамауға алынды.
Әйеліне қит етсе жұдырық ала жүгіретін дипломаттың үстінен жүйелі түрде қол жұмсау фактісі бойынша өткен жылы қылмыстық іс қозғалған болатын.
Еске салайық, былтыр мамырда экс-шенеуніктің әйелі Карина Мамаш күйеуінен 10 жыл бойы зәбір көргенін айтқан еді. Тіпті қудалауға түсіп, қиналған Карина Астанадағы дағдарыс орталығында да болды. Бұдан кейін экс кеңесші 15 тәулікке қамалғаны белгілі. Дипломат күйеуінен жәбір көрген Карина Біріккен Араб әмірлігіе қонаққа келген туған әпкесін де ұрып-соққанын айтқан.
ЭЛЬМИРА ШӘУЛЕНОВА, ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІІҢ БАСТЫҒЫ:
— Оқиғаның барлық мән жайын анықтау үшін қажет сараптамалар жүргізіліп, дәлелдемелер жинақталып, іс материалдарына тігілді. Тергеу нәтижелері бойынша күдікіге қатысты күзетпен ұстау түрінде бұртартпау шарасы таңдалды.
———————————————