Шәріп Серік жүріп жүрген қызын соққыға жыққан

«Шәкенти» деген лақап атымен белгілі болған қазақстандық актер Шәріп Серіктің басы дауға қалды. Ол жүріп жүрген қызын соққыға жыққан. Сүйген жігітім қол көтерді деген алматылық Әлия Ботеева болған оқиғаны әлеуметтік желіге жариялапты.
Бейнежазбада Шәріптің күшпен қызды жұлқылап, жеделсатыдан шығарып жатқаны бар. Ал суретте Әлия соққы тиіп қызара-көгерген бет жүзін көрсеткен. Қазір болған оқиғаға қатысты полиция тергеу бастаған. Танымал қазақстандық актер Шәріп Серікке қатысты осы атышулы видеодан кейін ол ірі медиакомпанияның қара тізіміне еніп, Salem Entertainment «Бизнесмендер», «Кеттік», «Көршілер» және басқа да фильмдерде ойнаған актермен серіктестігін тоқтатқан. Қазіргі уақытта бұған дейін жарияланған «Шакал» жобалары мен «Қарға» сериалының үшінші маусымы тоқтатылып, басты рөлдерді сомдауға тиіс актер «Meow» сериалының екінші маусымына түспейтін болыпты.
———————————————