7 жастағы баланы көлік қағып кетті

Алматыда жеңіл көлік 7 жастағы баланы қағып, ол оқиға орнында қаза болды. Оқушы жолды белгіленбеген жерден кесіп өткенде Jetour тізгіндеген жүргізуші оны соққан. Соққының қатты болғаны сонша, баланы қарсы жолда келе жатқан Hyundai көлігіне лақтырып жіберген. Адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша Алматы қалалық полиция департаменті анықтау басқармасымен қылмыстық іс қозғады. Jetour жүргізушісі 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
———————————————