Жүк көлігі қағып көз жұмған қыздың ісіне қатысты тағы бір күдікті ұсталды

Алматыда жүк көлігі қағып көз жұмған 7 жасар қыздың ісіне қатысты тағы бір күдікті ұсталды. Бұл – қоғамдық автобус жүргізушісі. Полиция департаментінің айтуынша, оқиға болған сәтте ол жаяу өтпе жолын елемей қызға жол бермеген. Автобустың тоқтамайтынын көрген қыз артқа шегініп, жүк көлігінің астына түсіп, ажал құшты. Қоғамдық транспорт жүргізушісі жол ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Оқиғаға себепкер болған барлық күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмысы барысында олардың ісіне баға беріліп, тиісті жаза қолданылады. Тәртіп сақшыларының сөзінше, қыздың ата-анасы да жауапқа тартылуы мүмкін. Естеріңізге сала кетсек, оның анасы оқиға орнында болған. Ол қызының жолдан жалғыз өтуіне жол берді.
———————————————