Өскеменде автобустың пневматикалық баллоны жарылып, қоғамдық көлік күтіп тұрған 63 жастағы әйел зардап шекті. Бас сүйегі жарақаттанған зейнеткер бірден ауруханаға жеткізілді. Қазір оның жағдайы тұрақты. Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталып, бірқатар сараптама тағайындалды.
Айта кету керек, оқыс оқиғаға шаhардағы жолдың сапасыздығы сеп болған. Автопарк өкілдерінің айтуынша күн жылынып, қар ерігелі жүргізушілерден маза кеткен. Өйткені шұрық-тесік жолдан техникалар бүлініп, кейбір маршрут уақытынан кешігуде. Ал жергілікті билік қалада асфальт төсеу жұмысына сәуірдің 10- ы кірісетінін жеткізді. Шамамен 10 шақырымнан асатын жол толығымен қалпына келтіріледі
ДОСАН ЕЛУБАЕВ, АВТОБУС ПАРКІНІҢ ГАРАЖ БАСШЫСЫ:
— Жол тараптарында соқпақтар өте көп. Жолдарымыз жөнделмейді. Содан кейін автобустарымыздың көбі қозғалыстан шығып жатыр. Жолаушылар атынан, өзіміздің атымыздан үлкен қауіп көріп отырмыз. Жаңа автобустарымыздың бәрі істен шығып жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.