Биыл елордада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтеді. Мерейлі күн жақындаған сайын дайындық та қыза түсті. Далалық лагерде 5 мыңға жуық әскериге арналған қалашық тұрғызылды. Айтулы іс-шараға дайындықтың негізгі кезеңдері аяқталды. Бүгінде қатысушылар жиналған бөлімшеде 203 тұрғын үй, 11 шаруашылық тірек пункті, 12 тұрмыстық қызмет көрсету шатыры тігілді. Қатысушылардың дені Астанаға жетіп, жаттығуды жалғастырып жатыр. Жалпы әскери парадта 4 мыңға жуық әскери жүріп өтеді. Олардың 200-ден астамы – қыз-келіншек.
РУСЛАН ЖАНГУЛИН, ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Парадқа 24 парадтық есептоп қатысады. Ал Қазақ елі алаңында 4 мыңнан астам әскери қызметші шерумен жүріп өтеді және 300 аса жауынгер әскери техника қатысады деп жоспарланып отыр. Бұдан бөлек 66 ұшу типтегі түрлі апарат қатысады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.