Жүргізуші: Ардақ Қасымхан — https://www.instagram.com/ardak_kassymkhan
МҮГЕДЕК МҰҢЫ
Мүгедек мұңын кім тыңдайды? Шымкентте құлағы естімейтін 22 жастағы қызды үш жігіт зорлап, бұл әрекеттерін бейнежазбаға түсірген. Жәбірленуші полицияға шағымданған, бірақ оқиға ізімен ешқандай іс қозғалмаған.
ӘЙЕЛІН САБАДЫ
Әйелін ұрып-соқты деп күдікке ілінген экс-дипломат Сәкен Мамаш Астанада ұсталып, қамауға алынды. Ал танымал актер Шәріп Серік лифтіде сүйіктісін жұлқылағаны үшін жауапқа тартыла ма? Ол бұл әрекетінің еш ақтауға жатпайтынын айтып, ел алдында кешірім сұрады.
БАС ЖАРАТЫН ЖОЛ
Өскеменде автобус жолдағы шұңқырға түсіп, дөңгелегі жарылды. Ішіндегі бір жолаушының басына зақым келген. Енді жергілікті билік ойдым жолды шұғыл жөндеуге уәде берді.
ДЕКРЕТ ДАУЫ
Өткен жылы 158 миллион теңге заңсыз декреттік төлем алған 113 ана тергеліп жатыр. Сәуірден бастап елімізде төлемді есептеу тәртібі өзгерді. Сонда бала күтіміне берілетін төлем қанша болды? Тілшіміз зерттеп білді.
ӘСКЕРИ ШЕРУ
Жаяу әскер шеруі. Тарихи және заманауи техника. 23 тікұшақ пен 44 түрлі әскери ұшақ әуеде қалықтамақ. Ұлы жеңістің 80 жылдығына арналған ауқымды әскери парад тағы несімен ерекшеленеді?
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.