Ақтөбеде алаңда ойнап жүрген алты жасар баланы ер адам сыпырғыштың сабымен ұрған. Ал баласына көмекке барған әкесін пышаққа ұқсас үшкір затпен жарақаттаған. Оқиға тап тал түсте балалардың көзінше болған. 6 және 15 жастағы екі бала ойнап жүріп, попкорн орама қағазын жерге түсіріп алады. Оған аула сыпырып жүрген адам ашуланып, балалардың бірін қағып жібереді. Осы кезде кіші ұлы әкесіне телефон шалып, көмек сұрайды. Кеуде тұсынан жарақат алған 39 жастағы азаматқа операция жасалды. Қаскүнем қаладан шықпау туралы қолхатпен үйіне жіберіліп, қылмыстық іс қозғалды.
ЕРБОЛАТ САРҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
— Пышақ жарақатын салу дерегі бойынша полиция күдіктіні анықтап, полиция бөлімшесіне жеткізді. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 106-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар күдіктіні қамау мәселесі шешілуде.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.